Петропавлда екі Египет азаматы ұсталды
Петропавлда Мысырдың екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"17 қарашада Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері "Алматы-Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызының жолаушыларын тексеру кезінде ұсталған екі ер адамды әкелді. Тексеру нәтижелері бойынша олардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен 21 және 28 жастағы Египет азаматтары екендігі анықталды", - деп жазылған хабарламада.
ҚР ҚК 392-бабының 1-бөлігі(ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.