Жаңалықтар

Қаскелеңде 12 жастағы оқушы қызға тап берген шетел азаматы ұсталды (видео)

Алматы облыстық полиция департаменті Қаскелеңде оқушыға тап берген ер адамға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 16 қараша күні сағат 13:00-де Қаскелең қаласында Қарасай батыр көшесі бойында болған.

Полицияға 35-40 жастағы белгісіз ер адам 12 жастағы қызға тап бергені туралы шағым келіп түскен.

Аталған факті бойынша Қарасай аудандық ПБ-не 39 жастағы азамат жеткізілді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының азаматы ӘҚБтК-нің 517 – бабының 4-бөлігін бұзғаны үшін әкімшілік сотпен 30 тәулікке қамауға алынып, УП-ның қабылдау-тарату орнында жатыр», – деп толықтырды полиция.

Back to top button