Атырауда қабір қоршауларын ұрлаған ер адам ұсталды
Атырауда қабір қоршауларын ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Қазан-қараша айларында полицияға Құрманғазы көшесі мен Тайманов-Бигелдинов көшелерінің қиылысындағы христиан зиратынан шойын қоршаулар ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жедел-іздестіру кезінде Атырау қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі және №5 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторлары 32 жастағы ер адамды ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.