Павлодарда колледж бухгалтері 26 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Павлодар қ. «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК-да ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, - деп жазылған агенттік мәлімдемесінде.
Оқу орнының бас есепшісі Ю.Безпалая қызметін асыра пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырған.
Бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар ол 10 жылға дейін есепші қызметінен шеттетілді.