1366
Атырауда азық-түлік қоймасы өртенді
Атырауда азық-түлік қоймасы өртенді

Атырауда азық-түлік қоймасы өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кеше, 13 қарашада болған.Өрт туралы департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 15:00-де хабар түсті. Атырау қаласындағы Мясокомбинатская көшесінде орналасқан азық-түлік сақтайтын қоймадан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жеке тұрған бір қабатты қойманың 400 шаршы метр шатыры жанып жатқаны анықталды. Жалын сағат 16:45-те оқшауланып, сағат 16:45-те сөндірілді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Қоймадағы өртті сөндіруге департаменттің 30 қызметкері мен 8 техникасы, «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.