Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
Елімізге Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді, - деп хабарлайды turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Бүгін 379 мың доза келді, ертең ел өңірлері бойынша үлестіру басталады. Қазақстан жалпы 4 миллион 230 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алды, олар 2 миллион 115 мың жүкті, бала емізетін және жасөспірімдерге арналған. Қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен сақтау үшін арнайы мұздатқыш камералар сатып алынды, онда вакцина минус 90 градус температурада сақталады", - деді "СҚ Фармация" баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Смайылова.