706
«Айқын-Литерге» жаңа басшы тағайындалды
«Айқын-Литерге» жаңа басшы тағайындалды

Бүгін «Nur Media» Холдингінің бас директоры Болат Кальянбеков «Айқын-Литер» ЖШС ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Жаңа басшы – Бақытжан Тұрлыбеков болды, бұрын «Elorda Aqparat» ЖШС директоры қызметін атқарған.
Б. Кальянбеков бұрынғы басшы Нұрай Оразовқа алғысын білдірді. Айқын мен Литерді біріктіру жұмыстары Нұрай Оразовтың басшылық еткен уақытында іске асырылды Қазіргі кезде басылымдар оқырман арасында беделін және көлемді тиражы мен коммерциялық тартымдылықтарын сақтай отырып, еліміздегі жетекші БАҚ-тың бірі болып отыр. AIQYN, «Литер», Turkistan газеттерінің сайттары тәуелсіз БАҚ ретінде жұмыс істеп, жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Б. Кальянбеков жаңа басшыны таныстыра отырып, Б. Тұрлыбеков еңбек жолын О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика мектебінде психолог болып бастағанын атап өтті. Оның Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істегенін, NewTimes.kz, Sn.kz, ақпараттық агенттіктерін және «Корреспондент» газетін басқарғанын айтты.