Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов қызметінен кетті, деп хабарлайды turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
Нұрлыбай Аққұлов бүгін, 10 Қарашада қызметінен босатылды.

Ол денсаулығы нашарлағанына байланысты қызметінен кеткен.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы бастамаларына табыс тіледі.