Жаңалықтар

Еліміздің төрт аймағында түзету мекемелері салынбақ

Алдағы үш жылда Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында төрт колония салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті. Ішкі істер министрінің айтуынша, түзету мекемелерінің тозығы жеткен.

 «Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жаңа колониялар салу мәселесі қарастырылып жатыр. Алдағы үш жылда біз Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында осындай төрт мекеме салуды жоспарлап отырмыз», – деді Тұрғымбаев.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық-атқару жүйесінің инфрақұрылымын жаңғыртудың жол картасын жүзеге асыру аясында барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 20 жаңа мекеменің құрылысы қарастырылған. Олар МЖӘ аясында 2029 жылдың соңына қарай салынады.

 «Бірте-бірте отряд-казармадан камералық қызмет көрсетуге көшу қамтамасыз етілді. Қазір төрт мың сотталған осындай тоғыз мекеме бар.», – деп қосты министр.

Жалпы, Қазақстанда 80 түзеу мекемесінде 34 мың адам қамауда болса, олардың басым көпшілігі ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар.

Back to top button