ШҚО тұрғыны өзін біреулер екі ай бойы тонап келгенін байқамаған
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғыны екі ай бойы тоналғанын байқамаған, деп хабарлайды turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Риддер қаласында ер адам қыркүйек пен қазан аралығында бір пәтерге бірнеше рет ұрлыққа түсіп, ол жерден жалпы сомасы 1 200 000 теңге болатын тұрмыстық техника, алтын әшекейлерді алып кетіп отырған. Алайда үй иесі заттарының жоғалғанын мүлдем байқамапты.
Риддер қаласының полиция қызметкерлері жедел іздестру іс-шаралары кезінде 29 жастағы ұрыны анықтады.
"Жәбірленуші оның пәтерінен заттар мен алтын бұйымдар ұрланғанын біліп, аң-таң болған. Ол тіпті екі ай бойы пәтерінен заттардың жоғалғанын байқамаған", - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.