Жаңалықтар

Алматы орталығындағы тұрғын үйлердің бірінде бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қызды өлтіріп, артынша өртеп жібергені туралы ақпаратты полиция департаменті растады, деп хабарлайды turkystan.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа сәйкес, оқиға «Латифа» тұрғын үй кешенінде болған.

Полиция ақпаратына сәйкес, аталған дерек қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Іс Медеу ауданы полиция бөлімінде қаралып жатыр.

«Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қылмыстың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Back to top button