Экс-министр Темірхан Досмұхамбетов қайтыс болды

Экс-министр Темірхан Досмұхамбетов қайтыс болды

Экс-министр Темірхан Досмұхамбетов қайтыс болды
ашық дереккөзі
50634
Спорт және туризм министрі, Астана қаласының әкімі қызметін атқарған Темірхан Досмұхамбетов 73 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы Zakon.kz сайты хабарлайды. Темірхан Мыңайдарұлы 1949 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын, 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазак ұлттық университетін бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Профессор. Институтты аяқтаған соң, Кеңес әскері қатарында әскери қызмет атқарды. 1973-1985 ж.ж. – Киров атындағы Қызыл Ту ордені Қазақ мемлекеттің университетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасы ҒЗЖ бөлімінде оқытушы, ассистент, аға оқытушы техникалық бөлімнің меңгерушісі. 1985-1991 ж.ж. – «Еңбек резервтері» Қазақ Республикалық БЕСҚ Кенес төрағасының орынбасары, төрағасы. 1991-1996 ж.ж. – Туризм жөніндегі «Яссауи» Мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті . 1996-1997 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрі. 1997-1998 ж.ж. – Туризм және спорт жөніндегі Комитеттің төрағасы. 1998-2003 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқарушысы. 2003-2004 ж.ж. – Астана қаласының әкімі. 2004-2006 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқарушысы. 2006-2011 ж.ж. – Спорт және туризм министрі. 2012 жылдың қаңтар айында бесінші шақырылымда Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған. Қосымша лауазымдары: – Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті; – Бүкілдүниежүзілік туристік ұйымының вице-президенті; – Азияда Олимпиада комитетінің вице-президенті; – Қазақстан Республикасы Су спорты түрлері федерациясының Президенті; – XII шақырылымда сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кенесінің депутаты.

Серіктес жаңалықтары