Бұған дейін Атырау облысында ауыл жастары арасында атыс болғанын жазған едік. Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылының маңында болған атыстан 6 адам жарақат алған. «Атыстан 5 адам оқ жарақатын, 1 адам дене жарақатын алды. Зардап шеккендер Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді. Өкінішке орай, 1985 жылы туған азамат алған жарақаттан ауруханада қайтыс болды» - деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазір Сағыз ауылына Атырау облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жетті. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Атырау облысындағы атыс: Жарақат алған адам ауруханада қайтыс болды

Атырау облысындағы атыс: Жарақат алған адам ауруханада қайтыс болды
Атырау облысында ауыл жастары арасында болған атыстан 6 адам жарақат алған еді. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияға жеткізілген бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.