Жаңалықтар

Атырау облысында атыс болып, алты адам жарақаттанды

Атырау облысының Сағыз ауылында атыс болып, алты адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полиция департаменті хабарлады.

«30 қазан, сағат 19.30 кезінде Атырау-Ақтөбе тас жолының 331-шақырымында, Сағыз аулының аумағында атыс болды. Жарақат алғандар Сағыз дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді, делінген полиция департаменті таратқан ақпаратта.

ATPress.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, ауыл жастары өзара жанжалдасып, қару қолданған.

Back to top button