Астананың Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан автотұрақта газбаллон жабдығымен жабдықталған жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жоғары температураның әсерінен оқиға орнында тұрған тағы екі көлік зақымданған.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын қысқа мерзімде сөндірілді. Мамандар газбаллон жабдығының жарылуына жол бермеді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.