1199
Атыраулық археологтар көне керуен сарайының қалдықтарын тапты
Атыраулық археологтар көне керуен сарайының қалдықтарын тапты

Атыраулық археологтар көне керуен сарайының қалдықтарын тапты
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Алтын Ордаға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция аясында экспедиция өтіп, оған ғалымдар мен археологтар қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
– Осы жылдың маусым айында археологиялық қазба жұмыстарын бастадық. Ащысай өзенінің жағасында керуен сарайы, халық тұратын тұтас бір елді мекен болғанын дәлелдейтін жәдігерлерді таптық. Көріп отырғанымыздай, көне құмыраның сынықтары мен қыш ыдыстар барлық аумақта кездеседі. Археологиялық жұмыстар енді ғана басталды, біз бұл аумақты зерттеп, қазба жұмыстарын жүргіземіз, – деді Атырау облыстық тарихи-мәдени қорық-мұражайының бас инспекторы Айбек Тұрарұлы.Ғалымдар көне керуен сарайы орнын Қазақстанның тарихи-мәдени құндылықтары тізіміне енгізуді ұсынды.