Асқар Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды

Асқар Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды

Асқар Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды
ашық дереккөзі
375

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегісанитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады.

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бақылауға алынған. Вирустың репродуктивті индексі – 0,96.

Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы«жасыл аймақта», Нұр-Сұлтан және Алматықалалары, Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары «сары аймақта» орналасқан. Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл аймақта» тұр.

Бүгінгі таңда 8,2 млн-нан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 7,4 млн-нан астам адам екінші компонентін алды.

Көрші елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Әсіресе шекара маңындағы өңірлердің әкімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сырқаттану деңгейіне мониторинг жүргізужәне жедел шаралар қабылдау, сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру тапсырылды.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыру тапсырылды.

Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне халыққа вакциналау мен ревакцинацияның маңызын түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізу тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары