«Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрме өтеді

«Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрме өтеді

«Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрме өтеді
ашық дереккөзі
563

26 қазан күні сағат 11:00-де Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрменің тұсаукесері өтеді.

Көрмеге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері, архив, кітапхана, музей қызметкерлері мен жоғарғы оқу орындарының магистранттары, докторанттары және қала тұрғындары мен қонақтары қатысады. Көрмеге Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында жинақталған Қазақстан тарихына қатысты сирек кітаптар, хандардың хаттары, карталар (көшірмелері) қойылған. Көрме желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары