Ресей зауыттарының бірінде жарылыс болып 16 адам қаза тапты.
Бүгін таңертең Рязань маңындағы "Эластик" зауытында жарылыс болды, қаза болғандар бар, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға туралы жергілікті уақыт бойынша 08:22-де белгілі болған. Бұл - ауысым енді ғана басталған кез, оқ-дәрі шығаратын ғимаратта 17 адам болған. Олардың 16-сы қайтыс болғаны белгілі болды.
Бұған дейін ТЖМ мамандары технологиялық процестің бұзылуын өрттің себебі деп атаған. Алайда, жарылыстың нақты себебі мен жағдайын мамандар анықтауы керек.
[video width="536" height="360" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2021/10/13.mp4"][/video]