ҒылымДенсаулық

Нұр-Сұлтанда мысыққа арналған COVID-19 вакцинасының таныстырылымы өтті

Нұр-Сұлтанда мысыққа арналған naruvax-C19 (pets) атты коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина таныстырылды. Бұл туралы ғалым, ҚазҰАУ жанындағы Халықаралық Вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Қайсар Табыновтың айтуынша, мысықтарға арналған вакцина Нұр-Сұлтандағы Kazagro/Kazfarm-2021 халықаралық көрмесінде ұсынылған.

df13f6911bc56817c60e6b2f208f0a89

«Кейбір үй жануарлары, атап айтқанда мысықтар, өкінішке қарай, бұл инфекцияны жұқтыруға бейім және осы қауіпті вирустың мутациялануына ықпал етуі мүмкін»,-деп түсіндірді Табынов.

Ғалымның айтуынша, мысықтарға арналған COVID-19 вакцинасын жасау үшін АШМ Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық Вакцинология орталығының, сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігінің аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының ғалымдары еңбек етті.

photo 377620

 

Back to top button