268
9 ай ішінде еліміздегі кәсіпорындарда 140 адам қаза тапқан
9 ай ішінде еліміздегі кәсіпорындарда 140 адам қаза тапқан
Биыл 9 ай ішінде еліміздің кәсіпорындарында 140 адам қаза тапқан.
Жазатайым оқиғалардың көпшілігі биіктіктен құлау, жол апаты салдарынан болған. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев хабарлады. Салалар бойынша зардап шеккендер ең көп сала – тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 19,1 пайыз, сондай-ақ құрылыс саласында – 11,3 пайыз және коммуналдық шаруашылық саласында – 5,6 пайыз тіркелген."Мемлекеттік бақылау нәтижелері анықталған еңбек заңнамасын бұзу көрсеткішінің шамамен 30 пайызы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына келетінін көрсетеді", - деп мәлімдеді Ербол Нұрғалиев. "Соңғы бес жылда Қазақстанда өндірісте зардап шеккендердің саны 10,7 пайызға қысқарды. Сонымен қатар, бес жыл ішінде Қазақстанда өндірісте қаза тапқандар саны 16 пайызға азайды. Оқыс оқиғалардың көбі Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлерінде екенін атап өткен жөн", - деді ол.