Серік Сәпиев жаңа қызметі туралы айтты

Серік Сәпиев жаңа қызметі туралы айтты

Серік Сәпиев жаңа қызметі туралы айтты
ашық дереккөзі
1090

Жақында мәдениет және спорт министрлігінен кеткен спортшы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің жаңа жұмыс орны туралы айтты.

"Енді Ұлттық олимпиада комитетінде жұмыс істеймін деп айта аламын", - деді Сәпиев журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында. Бірақ ол комитеттегі лауазымы қандай болатынын нақтылаған жоқ. Сұхбат барысында Сәтжан Сәпиевтен Халықаралық олимпиада комитетінде жұмыс істегісі келе ме деп сұрады.
"Мен бұл жайлы ойланып көрмеппін. Бірақ жалпы халықаралық ұйымдағы жұмыс елдің, онда істейтін адамның абырой-беделін көтереді. Ойланып көру керек, неге болмасын?", - деп жауап берді экс-шенеунік.
Сондай-ақ ол 2022 жылы Қазақстанда Серік Сәпиев атындағы бокс мектебін ашуды жоспарлап отырғанын атап өтті. 19 қазанда Сәпиев өз еркімен мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті басшысы қызметінен кеткені белгілі болды. Алайда Сәпиев министрліктен кетсе де, спортта қалатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары