50340
Мемлекеттік қызметтен кеткен Серік Сәпиев мәлімдеме жасады
Мемлекеттік қызметтен кеткен Серік Сәпиев мәлімдеме жасады
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен кеткен Серік Сәпиев Instagram-дағы жеке парақшасында мәлімдеме жасады.
«Достар! Мен Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге шешім қабылдадым. Мен осы қызметті атқарған жылдары жанымда көмек еткен барша басшыларға және әріптестеріме рахметімді білдіремін! Алайда, еліміздің спорт саласында еңбек ететін боламын», – делінген жазбада.Айта кетейік, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев бұл қызметке 2019 жылғы 30 қаңтарда тағайындалған болатын.