Аймақ

Әлеуметтік желіге алдын ала жазған: БҚО-да мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға оныншы қазан күні болған. Жасөспірім Ақсайдағы (облыс орталығынан 135 шақырым) көпқабатты үйлердің бірінің жетінші қабатынан секіріп кеткен.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға түсініктеме беру мүмкін емес деп жауап берген, өйткені ақпаратты таратуға облыс прокуратурасынан рұқсат жоқ.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына байланысты бұл мәліметтер жария етілмегенін хабарлады.

Сонымен қатар, Бөрлі аудандық полиция бөлімі мәліметінше, суицидке дейін жасөспірім бұл туралы Dickort қосымшасының тобында жазған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі «кәмелетке толмаған адамды өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Back to top button