Спорт

Жылына – 597 337 300 теңге. «Барыс» капитаны ҚХЛ-да ең жоғары айлық алады

Хоккейден Қазақстан құрамасының қорғаушысы әрі «Барыс» командасының капитаны Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) ең жоғары айлық алатыны белгілі болды.

Ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы жариялаған рейтингте көш бастап тұрған Дицтің жылдық жалақысы – 100 млн рубль (597 337 300 теңге). Екінші орынға мәскелуік «Динамо» клубының шабуылшысы Вадим Шипачев (95 миллион рубль) табан тіресе, үштікті уфалық «Салават Юлаев» командасының ойыншысы Теему Хартикайнен (90 миллион рубль) түйіндейді.

150 хоккейшінің жалақысы ескерілген рейтингке «Барыс» клубынан енген жалғыз Диц емес. «Барыстың» тағы бір ойыншысы Якоб Лилья рейтингте 135-орында.  Оның жыллдық жалақысы – 35 миллион рубль (209 миллион теңге).

Back to top button