27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды.

27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Pixabay
888

Қазгидромет 27 сәуірге арналған ауа райы болжамында бірқатар аймақта дауыл ескерту жарияланғанын мәлімдеді.

Жетісу облысы

Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

27 сәуірден 1 мамырға дейінгі аралықта Ақмола облысынан бүйірлік ағындардың (Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендері) келуіне байланысты, Есіл өзені бойындағы Кызылжар ауданында су деңгейінің көтерілуі (су тасқынының екінші толқыны) және қауіпті деңгейден асуы күтілуде.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Жезқазған қ.: 27 сәуірде күңдіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысы

27 сәуір – 02 мамыр аралығында жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

2024 жылдың 27 мен 29 сәуір аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі. 27 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысы

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 27 сәуірде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Шымкент қ.: 27 сәуірде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 27 сәуірде таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 27 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Серіктес жаңалықтары