«Барыс» клубында ең көп ақы төленетін хоккейші белгілі болды

«Барыс» клубында ең көп ақы төленетін хоккейші белгілі болды

«Барыс» клубында ең көп ақы төленетін хоккейші белгілі болды
ашық дереккөзі

Ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы Құрлықтық хоккей лигасындағы ең көп ақы төленетін хоккейшілер рейтингін жариялады. Олардың арасында «Барыс» хоккей клубының капитаны Даррен Диц те бар, – деп хабарлайды Sports.kz. Белгілі болғандай, рейтинг ондығында тоғызыншы орынға табан тіреген Диц жылына 420,5 миллион теңге табыс табады. Аталған рейтинге мәскеулік «Динамо» командасының ойыншысы Вадим Шипачев көш бастап тұр. Оның жылдық табысы 672,9 миллион теңгені құрайды. Екінші орында 532,7 миллион теңге көлемінде еңбекақы алатын «Динамо» клубының тағы бір форварды Дмитрий Яшкин, ал үздік үштікті Якуб Коварж («Автомобилист») пен Теему Хартикайнен («Салават Юлаев») түйіндеді. Екеуі де жылына 504,9 миллион теңге көлемінде табыс табады.