Испанияда кәмелет жасына толған жастарға кітап алуға, мәдени орындарға баруға 400 еуродан төленбек. Бұл туралы Еl pais басылымы жазды.
Испания Премьер-Министрі Жастарға арналған "мәдени бонус" бағдарламасын жариялады. Бағдарлама аясында жастарға берілетін 400 евроны (шамамен 196 мың теңге) кітап сатып алуға, театр, кино, музей сияқты мәдени орындарға баруға жұмсауға болады.
Сондай-ақ, Үкімет 18 жастан 35 жасқа дейінгі испандықтарға ай сайынғы төлем жариялады, пәтер жалдауға жағдайы жетпейтін жастарға 250 евро (21 мың рубль) төленбек.