Жамбылдағы жарылыста жоғалып кеткен өрт сөндірушінің туыстары танымал экстрасенстің көмегіне жүгінбек

Жамбылдағы жарылыста жоғалып кеткен өрт сөндірушінің туыстары танымал экстрасенстің көмегіне жүгінбек

Жамбылдағы жарылыста жоғалып кеткен өрт сөндірушінің туыстары танымал экстрасенстің көмегіне жүгінбек
ашық дереккөзі
37819

Жамбылдағы жарылыстан кейін жоғалып кеткен өрт сөндірушінің туыстары танымал экстрасенстің көмегіне жүгінбек.

Байзақ ауданындағы жарылыстан бері 40 күн өтті. Алайда оқиға орнына кетіп, із-түссіз жоғалған өрт сөндіруші Бауыржан Дәуітбаев әлі табылмай жатыр. Журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында Бауыржанның әкесінің талап-тілегін жеткізді.
- Адам үшін ең қиыны - белгісіздік, қобалжу, уайым. Бауыржанның жақындары "баламызды қойшылар құлдыққа ұстап әкетті" деп бір уайымдады, одан кейін 1 млн теңге сыйақы жариялады. Шырқыраған анасы Фатима апай "100 адам іздеп жатыр дейді, қайдағы мұнда бар-жоғы 15 адам. Неге барлық әскерилерді жұмылдырмайды? - дейді ол.
Сәл кейінірек Гүлмира Әбіқай белгілі экстрасенс Камрян Самедовпен хабарласып, жоғалған жігітті іздеуге көмек сұрағанын мәлімдеді. Журналист бүгін кешке көріпкелдің және Бауыржанның жұбайы Ділнәздің қатысуымен тікелей эфир өткізуді жоспарлап отыр.
- Байзақтағы жарылыста із-түссіз жоғалып кеткен өрт сөндірушіні іздеу басталып кетті. Туыстарының өтінішімен бүгін әйгілі экстрасенс Камрян Самедовпен байланыстым. Ол шетелде жүр екен, уақыт қарбаластығына қарамастан өтінішімді қабыл алды. Фотосын жіберіп ем, туыстары қатыссын деді. Бейсенбі күні астана уақытымен 18-00-де менің парақшамда тікелей эфирге шығамыз. Бауыржан Дәуітбаевтың әйелі Ділнәз қатысады, - деп хабарлады Гүлмира Әбіқай.

Серіктес жаңалықтары