Павлодар облысының Қаражар ауылын қар басып қалды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Бір тәулік ішінде мұнда бір жарым айлық мөлшердегі жауын-шашын жауған. Ауыл тұрғындары қазан айының басында жауған қардың көптігіне таң қалды. Олардың айтуынша, кейбір жерлерде қар қалыңдығы 20-50 сантиметрге жетеді.