Петропал тұрғыны "қайтыс болғанын" кездейсоқ білген

Петропал тұрғыны "қайтыс болғанын" кездейсоқ білген

Петропал тұрғыны "қайтыс болғанын" кездейсоқ білген
ашық дереккөзі
367

Петропал тұрғыны Александр Рябуха "қайтыс болғанын" кездейсоқ білген.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 25 жастағы А. Рябуха ата-анасынан айырылған, төрт жылдан астам уақыт бойы тұрғын үй кезегінде тұр. Ол әр жарты жыл сайын кезегі жылжығанын-жылжымағанын тексереді екен. Осындай кезекті бір тексерісте ол қайтыс болғандықтан тұрғын үй кезегінен шығарылғанын білген.
"Екі күн бойы жүгірдім, тірі екенімді дәлелдедім. Прокуратураға арыз жаздым", - деді А.Рябуха.
Қалалық әкімдікте болған жағдайға не себеп болғанын анықтап жатыр: техникалық іркіліс немесе біреудің немқұрайлылығы.
"Наурыз айында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің түгендеу кезінде ол "өлі" болып шықты. Республикамызда Кезекте тұрғандардың барлығы бір дерекқорға біріктірілген. Әкімдік мәртебесін өзгерте алмайды. ТКШ бөлімі тек салыстырып тексереді. Деректер базасында оның мәртебесі қайтыс болғаннан кейін, ол автоматты түрде алынып тасталды. Ол кеше қала әкімінің атына кезекке тұру туралы өтініш жасады. Өтініш қаралды, бәрі қалпына келтірілді", - деп түсіндірді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Ибраев.
Қазір Петропавлда тұрғын үй алу кезегінде 14,7 мыңнан астам адам тұр. Оның 1,7 мыңы – жетім балалар.

Серіктес жаңалықтары