Маңғыстаулықтарды газбен қамту үшін 266 млрд теңге бөлінеді

Маңғыстаулықтарды газбен қамту үшін 266 млрд теңге бөлінеді

Маңғыстаулықтарды газбен қамту үшін 266 млрд теңге бөлінеді
ашық дереккөзі
672

2025 жылға дейін Маңғыстау облысында газ құбырларын жөндеу мен салуды көздейтін 7 жоба іске асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында мәлім етті.
«Өңірді газдандыру мәселесіне келетін болсақ, облыста жалпы құны 266,6 млрд теңге болатын 7 газ инфрақұрылымы жобасын іске асыру жоспарланып отыр», - деген министр солардың ең негізгілеріне қысқаша тоқталды.
Олар: - жалпы сомасы 207,4 млрд теңгеге «Бейнеу-Жаңаөзен» учаскесінің 1-ші желісін күрделі жөндеу және 2-ші желісін салу жобасы; - 16,5 млрд теңге қажет етіп отырған «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырын күрделі жөндеу жобасы; - 25,7 млрд теңге салу жоспарланған Құрық ауылына «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырынан газ бұру және газ тарату құбырларын салу жобасы.
«Осы жобаларды іске асырудың арқасында Маңғыстау облысын газбен жабдықтау мәселесі толық шешіледі. Жұмыс істеп тұрған «Қазақ газ өңдеу зауытының» тозу деңгейі өте жоғары. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жаңаөзен қаласында заманауи газ өңдеу зауытын салу жоспарланған. Бұл зауыт әлемдік стандарттарға сәйкес жылына 900 млн текше көлемінде шикі газды қайта өңдейтін болады. Осыған байланысты, «ҚазМұнайГазға» бұл жобаны іске асыру жұмысын жеделдету қажеттігін атап өтемін», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Серіктес жаңалықтары