Аймақ

Полицейлер қашып кеткен: Алматыда сот орындаушысын соққыға жықты

Алматыда сот орындаушысын құрылысты бұзу кезінде соққыға жыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге таралды. Алматы қаласының жеке сот орындаушылар палатасы хабарлағандай, оқиға 4 қазанда болған.

«Полиция қызметкерлерінің жанындағы белгісіз адамдар сот орындаушысына қысым жасай бастады. Сот орындаушысы ұрып – соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы тиісті өтініш жазды», – деді ЖСО Алматы палатасы.

Жедел жәрдем дәрігері денсаулыққа орташа зиян келгенін атап өтті.

«Оқиға болған кезде полиция қызметкерлері қашып кетті. Полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстауға толықтай әрекет етпеді және тікелей бас тартты. Сот орындаушысының ер адамды ұстау туралы талабы бойынша полиция қызметкерлері әрекет етпеді (видеосы бар)», – деп мәлімдеді Палата.

Back to top button