Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда полицейлер көпірден секіріп кеткен аяғы ауыр әйелді құтқарып қалды

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда көпірден секіріп кеткен жүкті әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.

«Астаналық полицей Алмаз Құлтанов Қабанбай батыр даңғылында қызметте жүргенде, сағат 12.20 шамасында «Рамстор» СҮ маңындағы көпірден секіріп кеткен әйел адамды байқайды. Бұл факт туралы полиция капитаны жедел түрде ЖБО кезекшісіне хабарлады, ал өзі дереу көпірге қарай бет алды», – деп жазылған хабарламада.

Нәтижесінде полицейлер 25 жастағы әйелді құтқарып қалған.

Back to top button