Жаңалықтар

Елордада өрттен аман қалу үшін қыз бала терезеден секіріп, оқиға куәгерлері оны видеоға түсіріп алған

Бұған дейін хабарлағанымыздай Нұр-Сұлтан қаласындағы«Астықжан» сауда орталығының жиһаз салонынан өрт шықты. Өрттен аман қалу үшін сауда үйінің жоғарғы қабатынан қыз бала секіріп түсті.

Оқиға куәгерлері болған жағдайды видеоға түсіріп алған. Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, терезеден секірген қыз бала 2001 жылы туған, «Универсал» жиһаз цехында жұмыс істейді. Қазір ол елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді. Жағдайы қалыпты.

astykzhan ort

Back to top button