Елімізде тағы бір жаңа қала салынады.
G4 City деп аталатын Мегаполис Алматы-Қапшағай тас жолының бойында орналаспақ. Алматы облысындағы жаңа ультразаманауи қаланы дамытуға Сингапур көмектеспек.
Қала төрт ауданнан тұрады: Gate District – бизнес және қаржы орталығы, Golden District – білім беру және медициналық хаб, Green District – туризм және ойын-сауық, Growing District – өнеркәсіптік және логистикалық хаб.
Премьер-Министр Асқар Маминнің ресми ақпарат ресурсының мәліметі бойынша, G4 City арнайы экономикалық аймақ мәртебесіне ие болады. Мұнда халықаралық әуежай салу және Сингапурмен тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр.