456
Арон Атабек бостандыққа шығады
Арон Атабек бостандыққа шығады
Диссидент, ақын Арон Атабек бостандыққа шығады, деп хабарлайды azattyq.org.
1 қазанда Павлодар қалалық №2 соты Арон Атабектің жазасын денсаулығына байланысты жеңілдету жөнінде түрме әкімшілігінің өтінішін қарап орындаған. Сот ақпаратына қарағанда, дәрігерлер Арон Атабектің емі жоқ дертке (омыртқааралық дискінің зақымдалуы) шалдыққанын анықтаған."Заңда баяндалған мән-жайлар мен процеске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар", - деп жазылған сот хабарламасында.Бұған дейін оның денсаулығына алаңдаған азаматтық қоғам өкілдері президентке хат жазып, босатуды сұраған.