Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.
Сапардың мақсаты – Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысу. Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кәсіпорын базасында ашылған екінші кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді.