"Өмірлік қажеттілік": Абаев АЭС салуға қатысты пікірін айтты

"Өмірлік қажеттілік": Абаев АЭС салуға қатысты пікірін айтты

"Өмірлік қажеттілік": Абаев АЭС салуға қатысты пікірін айтты
ашық дереккөзі
383

Қазақстан Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев еліміздегі атом электр стансасының құрылысына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Sputnik.kz.

"Халықтың қорқынышы түсінікті, біз Фукусимада, Чернобыльда не болғанын көрдік. Семей полигонының да жарасы жазылған жоқ.  Бірақ бүгінгі күні энергетик мамандардың көпшілігі АЭС салу қажет екенімен келіседі. Ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бізге басқаша қиын болады", - деп жауап берді Абаев.
Оның айтуынша, Қазақстанда көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО-ның жартысына жуығы ауыстыруды немесе жаңғыртуды қажет етеді.
"Көмірді пайдалану қымбатқа түсуі мүмкін. Бізде Солтүстік пен оңтүстік арасындағы энергетикалық теңгерімсіздік мәселесі бар. АЭС сән-салтанат емес, өмірлік қажеттілік", - деп жалғастырды Абаев.

Серіктес жаңалықтары