Францияда Хэллоуинге жиһадшы боп киінген азамат тұтқындалды

Францияда Хэллоуинге жиһадшы боп киінген азамат тұтқындалды

Францияда Хэллоуинге жиһадшы боп киінген азамат тұтқындалды
ашық дереккөзі
243
Францияда жалған винтовкамен Хеллоуин тойлаған ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды Би-би-си. Оқиға Тулуза қаласында болған. Куәгерлердің айтуынша, 26 жастағы ер адам қара және жасыл түсті киім киіп, "Аллаһу акбар!" деп айқай салған. «Жиһадшыны» ұстау кезінде ол не себепті полиция бөлімшесіне бара жатқанын түсінбеді. «Хеллоуинде қалағаныңды істеуге болады ғой», - деді ол полицияға. Алайда ер адам өз әрекетінде еш қаскөйліктің болмағанын айтса да, лаңкестікті қолдап, қарумен қоғамға қауіп төндірді деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады жергілікті БАҚ. Полицияның ресми твиттерінде мерекеге «орынды» костюм киіп, қару макеттерін қолданбау туралы үндеу жарияланған еді. Соңғы жылы Францияда бірнеше рет бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалды. Париж бен Ниццада жүздеген адам зардап шекті. Әр шабуыл сайын көптеген мемлекетте тыйым салынған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы жауапкершілікті өз мойнына алды.

Серіктес жаңалықтары