Жаңадан тағайындалған Экология министрі қазақша сөйлеуге қиналғаны үшін ескерту алды

Жаңадан тағайындалған Экология министрі қазақша сөйлеуге қиналғаны үшін ескерту алды

Жаңадан тағайындалған Экология министрі қазақша сөйлеуге қиналғаны үшін ескерту алды
ашық дереккөзі
680

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып жақында ғана тағайындалған Серікқали Брекешев бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ескерту алды, деп хабарлайды AzattyqRyhy.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Экология министріне Каспий теңізін ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялауға қатысты сауал жолдап, мемлекеттік тілде жауап беруін өтінген. Алайда, Серікқали Брекешев қазақ тілін білгенімен, мемлекеттік тілде ойын толық жеткізу қиын екенін айтты. «Қазақ тілін білмегендіктен емес, ойымды толық ашу үшін орыс тілінде жауап берсем», деп рұқсат сұраған Экология министріне Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ескерту жасады.
«Бізге алғаш рет келіп тұрсыз. Депутат маңызды мәселені көтеріп отыр. Сіз Парламентте тұрсыз, қазақ тілінде қойылған сауалға қазақ тілінде жауап беру керек», - деді Мәжіліс төрағасы.

Серіктес жаңалықтары