Жаһан

Түркіменстан президенті елу бесінші кітабын шығарды

Түркіменстан президенті елу бесінші кітабын шығарды.

25 қыркүйекте Халк маслахата отырысында президент Гурбангулы Бердімұхамедов қатысушыларға «Garaşsyzlyk – bagtymyz» («Тәуелсіздік – біздің бақытымыз») кітабын жазып бітіргенін хабарлады, деп хабарлайды ТДХ ақпарат агенттігі.

Хабарламада айтылғандай, «кітапта әлемдік қауымдастықтың барлық мүшелерін біріктіруге бағытталған жоғары мақсаттарды одан әрі іске асыру мүмкіндіктері жан-жақты талданған. Ол оқырмандарға халықтарды бейбітшілік, прогресс және бүкіл адамзаттың жарқын болашағы үшін топтастыратын идеялардың мызғымас маңызын ашады».

Президент жаңа туынды қызықты әрі пайдалы болатынына, сондай-ақ Түркіменстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына сый болатынына сенім білдірді.

Тәуелсіздік туралы кітап Гурбангулы Бердімұхамедовтың 55-ші кітабы болды. Президент өзінің 54-ші кітабын 7 мамырда министрлер кабинетінің отырысында таныстырды.

Back to top button