594
Түркіменстан президенті елу бесінші кітабын шығарды
Түркіменстан президенті елу бесінші кітабын шығарды
Түркіменстан президенті елу бесінші кітабын шығарды.
25 қыркүйекте Халк маслахата отырысында президент Гурбангулы Бердімұхамедов қатысушыларға "Garaşsyzlyk – bagtymyz" ("Тәуелсіздік – біздің бақытымыз") кітабын жазып бітіргенін хабарлады, деп хабарлайды ТДХ ақпарат агенттігі.Хабарламада айтылғандай, "кітапта әлемдік қауымдастықтың барлық мүшелерін біріктіруге бағытталған жоғары мақсаттарды одан әрі іске асыру мүмкіндіктері жан-жақты талданған. Ол оқырмандарға халықтарды бейбітшілік, прогресс және бүкіл адамзаттың жарқын болашағы үшін топтастыратын идеялардың мызғымас маңызын ашады".Президент жаңа туынды қызықты әрі пайдалы болатынына, сондай-ақ Түркіменстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына сый болатынына сенім білдірді. Тәуелсіздік туралы кітап Гурбангулы Бердімұхамедовтың 55-ші кітабы болды. Президент өзінің 54-ші кітабын 7 мамырда министрлер кабинетінің отырысында таныстырды.