Жамбыл облысы әкімдігі бір батареяға 901 700 теңге бөлген

Жамбыл облысы әкімдігі бір батареяға 901 700 теңге бөлген

Жамбыл облысы әкімдігі бір батареяға 901 700 теңге бөлген
ашық дереккөзі
2503

Жамбыл облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны өрескел көтерген жағдайларды анықтады, деп хабарлады zhambylnews.kz сайты.

Мысалы, Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы шынашақ батареяны 901 700 мың теңгеге бағалап, осындай он батареяны сатып алуға 9 миллион 17 мың теңге бөлген. Департаменттің ұсыныс хатынан кейін бағалар қайта қаралып, батареяның әр данасы 300 теңгеден сатып алынды. Білім бөлімі де 300 мың теңгенің компьютерін 380 мың теңгеге алмақ болған.
Жоспарды оңтайландырғаннан кейін осы сатып алудың біреуі арқылы 16 миллион теңге үнемделді, деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының орынбасары Равиль Төлебаев.
Жалпы алғанда мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралғаннан кейін бюджет қаражатынан миллиард теңге үнемделген.

Серіктес жаңалықтары