236
Қарасораны медициналық мақсатта өсіруге болады
Қарасораны медициналық мақсатта өсіруге болады
Арнайы ғылыми орталық медициналық мақсатта жабайы сора өсімдігін қолдану мүмкіндігін зерттейді. Бұл туралы Астанада ҰҚШҰ елдерінің заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес органдарының үйлестіруші кеңесінің 18-отырысында ІІМ есірткі бизнесіне және есірткі айналымына қарсы күрес департаментінің басшысы Сұлтан Күсетов мәлім етті.
Оның айтуынша, xалықаралық конвенция бойынша, жабайы сораны тек медициналық мақсатта пайдалану үшін өсіруге болады.
"Себебі басқа мақсатта пайдаланғанның өзінде, тетрагидроканнабинол бәрібір қалады. Мысалы, сора өсімдігінен көйлек тігілсе, оның құрамында бәрібір есірткі қалады. Демек, киімнің өзі есірткі пайдаланушы үшін есірткінің көзі болып қала бермек. Сондықтан сораны тек медициналық мақсатта ғана пайдалану туралы шешім жасалды", - дейді ол.
Осы себептен, оның сөзі бойынша, қазіргі уақытта сораны медициналық дәрі-дәрмектер шығаруға пайдалану мәселесі қаралып жатыр.
"Өздеріңіз білесіздер, биыл отырыс өтіп, онда Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша, акционерлік қоғамға сорадан медициналық дәрілік заттарды шығару туралы мәселені зерттеуге тапсырма берілді. Біз қазір квота сұрадық, олар ғылыми ізденістер жасайды. Ғылыми зерттеулер жасалғаннан соң, жабайы сорадан дәрі-дәрмек жасай аламыз ба, жоқ па - осы сауал анықталады", - деп атап өтті Күсетов.