455 млн теңгені жымқырған "Маңғыстаумұнайгаз" қызметкерлері сотталды

455 млн теңгені жымқырған "Маңғыстаумұнайгаз" қызметкерлері сотталды

455 млн теңгені жымқырған "Маңғыстаумұнайгаз" қызметкерлері сотталды
ашық дереккөзі
3101

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның екі қызметкеріне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды, inaktau.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 13 тамызда әлеуметтік желілерде "Маңғыстаумұнайназ" АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Д.Бейсембиннің және оның орынбасарының жалған шарттар жасасу арқылы 455 миллион теңге ұрлады деген күдікпен ұсталғаны туралы дерек шықты. Сол кезде Қаржы мониторингі агенттігі мәліметті растаған болатын.
"Тергеу кезінде 2017-2018 жылдары "ММГ" АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Д.Бейсембин мен оның орынбасары А. Дәуленбаева Д. Лисовпен және А. Юндт-пен жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық белгілейтін құжаттарды қалпына келтіру және тіркеу бойынша қызмет көрсету жөнінде жалған шарттар жасағандығы анықталды. Бұл ретте, АҚ-ның 700-ден астам жылжымайтын мүлік объектілерінің құжаттары Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатында сақталған және қалпына келтіру қажет болмаған. Құжаттардың көшірмелері тегін беріледі", - деп хабарлады ҚР АФМ. "Кінәлі тұлғалар бес жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.

Серіктес жаңалықтары