393
Атырау облысында шаңды дауыл айдың аяғына дейін жалғасады
Атырау облысында шаңды дауыл айдың аяғына дейін жалғасады
Атырау облысында шаңды дауыл қыркүйектің соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалы метеожағдай бөлімінің бастығы Гүлайна Мырзашеваның айтуынша, түнде ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.«Соңғы күндері атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Индер ауданында екпіні секундына 17 метрге, өзге аудандарда секундына 15 метрге жеткен жел соқты. Ал, 28 қыркүйекте күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл сақталады. Құрманғазы ауданында жаңбыр жауады. Біздің болжамымыз бойынша облыс аумағындағы шаңды дауыл қыркүйек айының соңына дейін жалғасады» - дейді Гүлайна Мырзашева.