Елімізде жаңа мереке пайда болды Үкімет 2021 жылғы 13 тамыздағы қаулысында Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер қатарына толықтырулар енгізді, деп хабарлайды turkystan.kz. Атап айтқанда, 1 қазан - Радио күні деп бекітілді. Қаулы 2021 жылғы 27 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді.