Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кетті
Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кеткен.
"Aktau Plaza" ТК тұрғындарының айтуынша, 25 қыркүйек күні кешкі сағат 19:30-да адам толы лифт бірінші қабаттан шахтаға құлаған. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Адамдар бір-біріне шығуға көмектесті, деп хабарлайды lada.kz.
- Лифтте нәрестелері бар жас аналар болды. Бұл не сұмдық? Бұл біздің үйде болып тұрған бірінші жағдай емес, - деп шағымданады үй тұрғындары.
Тұрғындардың айтуынша, жауаптылар бұл жағдай туралы біледі, бірақ ешқандай шара қолданбайды.
Сондай-ақ, тұрғындардың айтуынша, үйдің жартысынан көбі шамамен бір жыл бұрын қоныстанған, бірақ олар әлі күнге дейін ешқандай құжат алмапты. Үйде тіпті газ қосылмаған.