Тәліптер аяқ-қолды шабу мен өлім жазасын қайта заңдастырмақ

Тәліптер аяқ-қолды шабу мен өлім жазасын қайта заңдастырмақ

Тәліптер аяқ-қолды шабу мен өлім жазасын қайта заңдастырмақ
ашық дереккөзі
2896

Ауғанстандағы билікті басып алған "Талибан" қозғалысы қылмыспен күресу үшін бірқатар жаза түрлерін енгізетінін хабарлады. Атап айтқанда, құқық бұзушылардың аяқ-қолы шабылады және өлім жазасына кесіледі. Бұл туралы "Талибанның" негізін қалаушылардың бірі молла Нуруддин Тураби мәлімдеді.

"Қол шабу қауіпсіздік үшін қажет", - деді ол.
Нуруддин Тураби мұндай жаза қылмысты тежейтініне сенімді, деп хабарлайды Associated Press.
"Біз бейбітшілік пен тұрақтылық орнатамыз. Одан кейін ешкім оларды бұзуға батылы бармайды", - деп атап өтті Тураби.
Алайда жаза көпшілік алдында орындала ма, жоқ па, әлі белгісіз. Мұның алдында "Талибан" Ауғанстанды билеген жылдары (1996-2001 жж.) кісі өлтіргені үшін өлім жазасы, ұрлық жасағандарға — қол кесу, тонағандарға — қол және аяқ кесу қарастырылған. Өлім жазасына айыптылардың туыстары қатысқан.

Серіктес жаңалықтары